КЕЗЕҢ.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:төмендегі келтірілген критерийлерге сәйкес емтихан тапсырушының ішті қарау және пальпациясы бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалау.

№№ Сатылау әдісін бағалау критерийлері Балл бойынша баға
1. Науқаспен қарым – қатынас орнатып, тексеру әдісінің барысын түсіндіру. Науқастың оң жағынан келіп, жалпы қарап тексеру жүргізініз 0,5
2. Науқаста жүдеу кахексия, тері жабындарының бозаруы, тамыр жұлдызшалары, іштің веналарының кеңеюіне, жарықтардың болуын қарау 0,5
3. Ауыз қуысын қарап тексеру: тістердің жағдайын бағалау, тілді қарау: құрғақ, ылғалды, ақшыл, сарғыш түспен жабылуы, тілдің бүртіктерінің жазылуы, атрофиялық тіл
4. Іштің формасына сипаттама беру: тартылған, шар тәрізді, ассиметрия, көзге көрінетін перистатикалар 0,5
1. Ішті аймақтарға бөлу (эпигастрий, мезогастрий, гипогастрий) 0,5
2. Кіші аймақтары: сол жақ мықын, сәл бүйір, сол жақ қабырға асты, эпигастрий, оң жақ қабырға асты, оң жақ бүкір, қасаға үсті, кіндік аймағы 0,5
3. Іштің беткей пальпациясын дұрыс жүргізу. Оң жақ қолдың саусақтарының ұшын біріктіріп іштің бетіне қоямыз және абайлап барлық аймақтарын пальпациялаймыз. Көрсеткішін айта отырып емтихан тапсырушы іштің кернеуіне (іш жұмсақ және керілген). Ауырсыну болса, оның орналасуын анықтау. Беткей пальпация сол жақ шап аймағынан басталады симметриялы түрде екі жақты салыстыра отырып эпигастрий аймағына көтеріледі.
4. Пальпация кезінде ішек қабырғасының керілуі, жарықтардың шығып тұруына көңіл аудурады. 0,5
Барлығы

Максималды балл саны– 10

Тапсырмаға берілген уақыт -7 минут

7 КЕЗЕҢ:

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген критерилер бойынша оқушының асқазан-ішектердің терең пальпациясы мен асқазанның төменгі шекарасын анықтау білуін бағалаңыз.



Іс-әрекеттері Бағасы, баллмен
1. Науқаспен қарым-қатынас орналатып, жүргізілетін іс-әрекеттердің мақсатын, ағымын түсіндіріп, науқастан келісім аламыз. Науқасты ішпен дем алуға үйретеміз. Пальпацияның кезектілігі: Сигма тәрізді ішек, соқыр ішек, тоқ ішектің бөліктері 1,0 0,5
2. Сигма тәрізді ішектің пальпациясы 1. Сол жақ мықын аймағында кіндіктен мықын сүйегінің жоғарғы алдынғы қырына дейін сызық жүргізіп, соны үшке бөлеміз. Ортанғы және сыртқы бөліктерінің қиылысында бір сәл бүгілген саусақтарды шап байламына паралеллельді қоямыз. 1,0 0,5
2. Теріні кіндікке қарай ығыстырамыз да науқасты дем алуын сұраймыз
3. Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, мықын сүйегіне қарай сырғытамыз
4. Сигма тәрізді ішектің сипатын береміз: Беті тегіс, цилиндр тәрізді, ауырсынусыз, консистенциясы тығыздау, шурылдамайды
3. Соқыр ішектің пальпациясы 1. Оң жақ мықын аймағында кіндіктен мықын сүйегінің жоғарғы алдынғы қырына дейін сызық жүргізіп, соны үшке бөлеміз. Ортанғы және сыртқы бөліктерінің қиылысында бір сәл бүгілген саусақтарды шап байламына паралеллельді қоямыз. 1,0 0,5
2. Теріні кіндікке қарай ығыстырамыз да науқасты дем алуын сұраймыз
3. Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, мықын сүйегіне қарай сырғытамыз
4. Соқыр ішектің сипатын береміз: Беті тегіс, пішіні цилиндр тәрізді, төменгі бөлігінде алмұрт тәрізді кеңею анықталады, ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ, шурылдайды
4. Тоқ ішектің жоғары баратын бөлігі 1. Сол алақанымызды оң жақ бел аймағына қоямыз. Оң бүйір аймақта оң қолдың саусақтарын бүгілген күйінде тік бұлшықеттің сыртқы қырына параллельді қоямыз. 1,0 0,5
2. Теріні кіндікке қарай ығыстырамыз да науқасты дем алуын сұраймыз
3 Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, сыртқа қарай сырғытамыз
5. Тоқ ішектің төмен баратын бөлігі 1. Сол алақанымызды сол жақ бел аймағына қоямыз. Сол бүйір аймақта оң қолдың саусақтарын бүгілген күйінде тік бұлшықеттің сыртқы қырына параллельді қоямыз 1,0 0,5
2. Теріні кіндікке қарай ығыстырамыз да науқасты дем алуын сұраймыз
3. Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, сыртқа қарай сырғытамыз.
6. Асқазанның шекарасын перкуссия әдісімен анықтау. Эпигастрий аймағынан бастап кіндікке қарай дененің ортанғы сызығымен тыныш перкуссиямен тимпаникалық дыбыстың өзгеруіне дейін жүреміз. 1,0 0,5
7. Асқазанның шекарасын стетакустикалық әдісімен анықтау. 1. Фонендоскоптың мембранасын сол қабырға астылығына қоямыз (Дуглас кеңістігіне) 1,0 0,5
2. Төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінен бастап, саусақпен тырнап, қырып төмен қарай жүреміз. Фонендоскоп арқылы естілетін шуыл жоғалған кезде асқазанның төменгі шекарасы табылды деп санаймыз.
8. Шалпыл шу әдісі. 1. Семсер тәрізді өсіндісінің маңында сол қолдың қырымен тік бұлшықеттерді басамыз. 1,0 0,5
2. Эпигастрий аймағынан бастап оң қолдын саусақтарымен итеріп төмен жүріп шалпылдатамыз. Осы кезде өзгеше бір шу туындайды - «шалпыл шуы». Шу жоғалғанда асқазанның төменгі шекарасы табылды деп санаймыз
9. Көлденең тоқ ішектің пальпациясы (бимануальді әдіс) 1. Екі қолдың бүгілген саусақтарын дененің ортанғы сызығының екі жағына (тік бұлшықеттің сыртқы қырына) қоямыз 1,0 0,5
2. Теріні жоғары қарай ығыстырамыз да науқасты дем алуын сұраймыз.
3. Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, төмен қарай сырғытамыз
10. Асқазанның төменгі шекарасын пальпациялау 1. Оң қолдың бүгілен саусақтарын асқазанның табылған төменгі шекарасына сәйкес қоямыз да теріні жоғарыға ығыстырып, науқасты дем алуға сұраймыз. 1,0 0,5
2. Дем шығарған кезде саусақтарды бүгілген күйінде құрсақ қуысына еңгіземіз де, төмен қарай сырғытамыз. Осы кезде асқазанның үлкен иірімі қол астынан сезіледі.
Барлығы




3685036108908293.html
3685078187354638.html
    PR.RU™